Астық терминалдарын салумен байланысты проблема жоқ ? Ауыл шаруашылығы вице-министрі

None
None
АСТАНА. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында астық терминалдарын салу мәселесі енгізілді.
Министрліктің астық терминалдарына қатысты жоспарында проблемалар жоқ», деп мәлімдеді бүгін Ауыл шаруашылығы вице -министрі Мұрат Оразаев журналистермен болған баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында «ҚазАгро» ұлттық холдингінің кейбір инвестициялық жобаларды уақытында орындамауына байланысты министрлікке қатысты бірқатар мақалалар жарияланды. «Осы орайда айта кететін мәселе біріншіден, Есеп комитетінің материалдарында көрсетілгендей Поти айлағындағы астық терминалының құрылысы талапқа сай жүргізілмегендігі рас. Оның себебі Грузия елімен арадағы кейбір келісімдердің толықтай атқарылмағандығымен байланысты болып отыр. Яғни себеп объективті. Ал Әмірабад айлағындағы екінші астық терминалы белгіленген мерзімге сай жүргізілуде. Бұл екі терминал да Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан ол министрліктің бюджетінде айқын етіп көрсетілген», деді вице-министр.Оның сөзіне қарағанда, министрліктің стратегиялық жоспарлары 2009 жылдан бастап енгізіле бастаған. Сол себептен ведомствоның 2008 жылы қаржыландыруға жататын жобалары осы стратегиялық жоспарға енгізілмей қалған. «Осыған байланысты біз 2008 жылдың соңында бюджеттік комиссияның шешімін алып, Үкіметке Поти астық терминалына қатысты өзіміздің тиісті ұсыныстарымызды енгіздік. Онда терминалдың мерзімі мен орналасу жерін өзгерту жөнінде мәселелер көрсетілді. Бұл ұсыныстар Үкімет тарапынан қолдау тауып, бүгінгі күні ол министрліктің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына енгізілді», деді вице-министр.
Соңғы жаңалықтар
telegram