Asus компаниясы жаңа смартфон шығаруды уақытша тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Asus компаниясы 2026 жылы жаңа смартфон модельдерін шығаруды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұған дейін Тайваньдағы дистрибьюторлар 2025 жылдың 31 желтоқсанынан бастап жеткізілімдердің тоқтауы және бизнестің жабылуы мүмкін екені туралы хабарлаған болатын. Бұл туралы DigiTimes басылымына сілтеме жасап, 24 kg сайты жазды.
Алайда Asus бұл ақпаратқа жауап ретінде нарықтағы жұмысын жалғастыратынын, бірақ алдағы бір жылда жаңа өнімдер ұсынуды жоспарламайтынын айтты.
Сонымен қатар компания бұрын шығарылған құрылғыларға толық қолдау көрсетілетініне кепілдік берді. Атап айтқанда, кепілдік қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары және бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жалғасады.
Asus смартфондар нарығына 2000-жылдардың басында кірді. Компанияның ZenFone желісі қолжетімді бағасының арқасында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кеңінен танымал болды. Алайда қытайлық брендтер тарапынан бәсекенің күшеюі Asus-тың нарықтағы позициясын әлсіретті. 2018 жылы компания мобильді бағытта қайта құрылымдаудан өтіп, ірі қаржылық шығындарды есептен шығарды. Осыдан кейін Asus премиум-сегментке арналған ZenFone модельдеріне және ойынға арналған ROG Phone құрылғыларына басымдық берді.
Ал Илон Маск смартфондардың 2030 жылға қарай жойылатынын болжады.