Asus жаңа нетбуктар батареяларының өмірін 14 сағатқа ұзартты

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Seashell-дің үш моделі де Intel Atom N450 процессорымен басқарылады және Windows 7-мен жұмыс істеуге және интернет-серфинг немесе фотосуреттерді қарау үшін Express Gate арқылы 8 секундта қосылуға мүмкіндік бере отырып, операциялық жүйенің екі қосқышымен жабдықталған.
Бұған дейін нетбуктар аккумуляторларының үйреншікті мерзімі 7-8 сағаттан аспайтын.
Intel Atom N450 компаниясының жаңа процессоры энергияны айтарлықтай аз қабылдайтынымен ерекшеленеді. Осылайша, дербес жұмыс істеудің қол жеткізілген көрсеткіштерін процессорлардың, аккумуляторлардың және басқарушы бағдарламалардың жиынтық жетістіктері деп санауға болады.
Рынок өсуінің қарқыны жоғары болғанына қарамастан, әлі күнге дейін нетбуктардың үлесі аз болып отыр. Asus нетбуктарды өндірушілердің ішінде үшіншісі болып табылады - бұл компания әлемдегі осы тектес барлық портативті құрылғылардың 14,8 пайызын шығарады.