11:12, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналып 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттерді пайдалану ережесі бекітілді
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналып 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттің пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы ақпанның 17-сіндегі Қаулысының мәтінін оқырмандар назарына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналып 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттің пайдалану ережесін бекіту туралы
Асыл тұқымды өнімдерді (асыл тұқымдық материалдармен) қамтамасыз етуде отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы желтоқсанның 4-індегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға арналып 2009 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттің пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МәсімовҚаулының толық мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланады.