Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Асылжан Мамытбеков Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін алаңда болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қостанайға сапары барысында «АгромашХолдинг» АҚ өндірістік алаңына барды.

Асылжан Мамытбеков Қостанайда ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін алаңда болды

Кәсіпорынның директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким министрді отандық комбайндар өндіру үрдісімен таныстырды. Шығарылатын өнім желісін көрсетті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді дамыту перспективалары туралы айтты.

Зауыт 2003 жылдан бастап шаруаларда үлкен сұранысқа ие техниканы шығарады. 2005 жылдан бастап «АгромашХолдинг» өнімі қазақстандық нарықта барынша тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көрсеткен «Гомсельмаш» беларусь кәсіпорнымен тығыз байланыста. Қостанайда шығарылатын техника Қазақстанда дамыған сервистік орталықтар арқылы сатылады - бұл негізгі егін егетін өңірлердегі 8 филиал мен ҚР аумағындағы 11 өкілдік.

Өткен жылы маркетингтік зерттеу нәтижесінде қазақстандық машина жасау жүйесі машина-тракторлық тұрақтың барынша қуатты қолдауына мұқтаж екені анықталды. Осы мақсатта компания 5 сыныпты New Holland TC 5080 астық жинайтын комбайн өндірісін іске қосты. «АгромашХолдинг» АҚ мен CNHI компаниясы арасында New Holland комбайндарын өндіруге лицензиялық келісімге қол қойылды. Осылайша, компаниялар өңірде ауыл шаруашылығы бағытын дамытуды уағдаласты. Бұдан бұрын «Қазақстанда жасалған» брендімен шығарылған New Holland TC 5080 комбайндары сертификациялық сынақтан өтті, сондай-ақ проблемалық мәселелерді жою бойынша ұсынымдар алды. Қазіргі сәтте комбайн конструкциясы Кеден одағының техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келтірілді. Қол қойылған лицензиялық келісім «АгромашХолдинг» АҚ-ға New Holland комбайнын толық көлемде өндіруге кірісуге мүмкіндік береді.

Белгіленген перспективалар мен таныстырылған комбайн үлгісінен басқа Директорлар кеңесінің төрағасы өткен жылы зауыт конвейерінен 230 бірлік комбайн шыққанын хабарлады. 2016 жылы компания 310 дана шығаруға ниетті. «Гомсельмаш» ААҚ-мен ынтымақтастықты бастағалы қостанайлық зауыт 2 мыңнан астам комбайн шығарып, өткізді. ҚР-да сату нарығының үлесі 40 пайыздан асты.