Ата заң қоғамдық өмірдің барлық тетіктерін үйлестіріп отыр - А. Балаева

амыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ата заң қоғамдық өмірдің барлық тетіктерін үйлестіріп отыр. Бүгін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл: заңнаманың ілгері жетілдіру» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Айда Балаева осылай мәлім етті.
None
None

«Қазақстан Конституциясы халықты қорғаудың кепілі бола отырып, ел дамуын демократиялық жолмен бастап келеді. Мемлекетіміз адам өмірі мен еркіндігі, құқығы мен бостандығын ең жоғары орынға қоятыны белгілі. Жалпы тұрғыдан алатын болсақ, Ата заңымыздың 98-ші бабының 30-ы адам құқығы мен бостандығын қорғауға арналған. Сонымен бірге, біздің Ата заңымыз қоғамдық өмірдің барлық тетіктерін үйлестіріп отыр. Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы еркін идеялар бекітілді. Ал ең басты жетістігіміз елімізде демократияның шынайы іргетасы қаланып келеді», - деді А. Балаева.

Оның айтуынша, Конституцияға енгізілген соңғы өзгерістер саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға жол ашты. Бұл бағытта еліміздегі азаматтық қоғам институттары тең еркіндік, бірдей мүмкіндік алып жұмыстарын жүргізіп келеді.

«Астана қаласы бойынша бүгінгі күні 300-ден астам үкіметтік емес ұйымдар, 10 саяси партиялар филиалдары, 243 БАҚ, 55 жастар ұйымы, 63 діни бірлестіктер, 26 этномәдениет орталығы қызмет жасауда. Заң алдында олардың мүмкіндіктері де бірдей қамтылған», деді А. Балаева.

Соңғы жаңалықтар