Ата Заңымыз - еліміз үшін саяси да тарихи мәні бар айрықша мейрам - Ғалым Бекмағамбетов

«Сіздерді мерейлі мереке - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығымен құттықтаймыз!
Ата Заңымыз - егемен еліміз үшін саяси да тарихи мәні бар айрықша мейрам, өйткені Конституция - болашақ табыстар мен алға қойылған мақсаттарды шешудің алтын діңгегі.
Конституция күні - барша қазақстандықтың қуана қарсы алатын ортақ мерекесі. Құқықтарымыз бен міндеттерімізді белгілеп берген Ата Заңның қазақстандықтар үшін алатын орны үлкен. Елімізде азаматтардың үйлесімді дамуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған, Ата Заңымыздың арқасында ел іргесі бүтін, жұрт тыныш, халқымыз бір отбасыдай тату-тәтті өмір кешуде.
«Нұр Отан» партиясы азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі ретінде мемлекет және азаматтар арасындағы тиімді әрекеттестік пен сұхбат құруға жауапты. Осындай аз уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Бүгінде Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында біз бірлігі жарасқан, күш-қуаты артқан тәуелсіз елміз. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы.
Құрметті ағайын! Осы атаулы мереке күні сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, еңбекте шалқар табыстарға жетулеріңізге тілейміз. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!»,-делінген «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасы бірінші орынбасарының ққұтттықтауында.