Ата заңымыз мемлекетіміздің қалыптасу стратегиясын айқындады - Ж.Әбдиев

«Конституция біздің негізгі заңымыз. Ол біздің тәуелсіздігіміздің елең-алаңында мемлекетіміздің қызметінің қалыптасуының стратегиясы мен жолын ғана айқындап қоймай, оның одан ары дамуын да белгілеп берді», - деді ол.
Сонымен қатар сот алқасының төрағасы еліміздің негізгі заңының құқықтық ережелерін тұрақты түрде зерделеп отыру қажеттігін баса айтты.
«Біздің Парламент қабылдайтын барлық заңдар алдын ала Конституцияға сәйкестігіне қатысты эксперттік зерттеуден өтетіндігі сөзсіз. Дегенмен, негізгі заңның нормаларында көрініс тапқан құқықтық ереженің терең мәні, ғылыми әрі тәжірибелік әлеуеті тұрақты түрде зерделеп отыруды талап етеді»,- деді Ж.Әбдиев.
Айта кетейік, конференция жұмысына депутаттар, елорданың ғылыми және шығармашылық зиялы қауымы, сот жүйесінің, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысуда.