14:13, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Ата заңымызға ұқыппен қарап, оны сыйлау біздің ортақ міндетіміз - Мемлекет басшысы Н. Назарбаев
ң 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және тұтастай қоғамды бекемдендірді. Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақ елі» монументі орналасқан алаңда өткен ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты әскери шеруде сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сондықтан да Ата заңымызға ұқыпппен қарап, туған Отанымызды, туған тарихымызды сыйлағандай, оны да сыйлау біздің ортақ міндетіміз», деді Мемлекет басшысы.
«Әрбір қазақстандық тек қана мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге өзі, өзінің отбасы және өзінің балалары үшін Конституцияның маңыздылығын бағалағаны, өзінің конституциялық құқығын білгені, конституциялық міндеттерді құрметтегені және орындағаны маңызды», деп толықтырды сөзін Президент.
Елбасы дәл сондықтан да бүгінде елімізде Конституция күні жаңаша тойланып жатқанын атап көрсетті. «Еліміз бойынша салтанатты шаралар, бұқаралық патриоттық акциялар өтуде. Бұл игілікті дәстүрге айналуы тиіс», деді Президент.