Атақты футболшы Рыбакинаның матчын тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Атақты бразилиялық футболшы Роналдиньо Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Доха (Қатар) WTA турниріндегі ширек финалдық матчын тамашалады.

футбол
Фото: Bastien Fachan/twitter.com

Франциялық теннис шолушысы Бастьен Фашан бұл туралы Twitter-дегі парақшасында мәлім етті.

Кеше «Барселона», «Милан» клубы және Бразилия құрамасының экс-жұлдызы Елена Рыбакина мен канадалық Лейла Фернандестің кездесуінде болған кезінде камераларға түсіп қалған.

«Роналдиньо — Рыбакинаның фанаты болуы керек. Олардың екеуі де Лондон көгалдарында ғажап ойын көрсетуге қабілетті», деп жазған Фашан бразилиялық футболшының «Челсимен» матчындағы және Еленаның Уимблдонда чемпион атанған суретін қатар қойған.

Бүгін Елена Рыбакина Доха додасының жартылай финалында ресейлік Анастасия Павлюченковамен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дохада АҚШ чемпионатының финалисін жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар