09:34, 28 Қазан 2015 | GMT +5
Атақты әнші Карел Готт ауруханаға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Чехиялық бұлбұл» ретінде белгілі 76 жастағы әнші Карел Готт Прагада ауруханаға жатқызылды.

Орындаушы өзінің Facebook-тегі парақшасында концерттерінің болмайтынын хабарлады. Алайда ол себептерді атамады.
iDNES.cz порталы хабарлағандай әнші екі жүрек талмасын бастан кешірді. «Алғашқысы жексенбі, екіншісі сейсенбі күні болды», - дейді оның маңайындағылар арасындағы дереккөз. Оның сөзіне қарағанда, Готтқа ота жасады.