17:18, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Атақты әнші Людмила Зыкина дүниеден өтті
МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Дауысы әлемнің түкпір-түкпіріне кең тараған әнші, КСРО халық әртісі Людмила Зыкина 80 жасында дүниеден өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұдан бірнеше күн бұрын жүрек талмасына ұшыраған даңқты әншінің жүрегі бүгін соғуын тоқтатты.