Атақты Queen тобының «Богема рапсодиясы» әнінің қолжазбасы 1,4 млн фунт стерлингке сатылды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Лондондағы Sotheby's аукционында британдық Queen тобының «Богема рапсодиясы» әнінің қолжазбасы шамамен 1,4 млн фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Атақты Queen тобының «Богема рапсодиясы» әнінің қолжазбасы 1,4 млн фунт стерлингке сатылды
Фото: sothebys.com

Аукцион сайтындағы лоттың сипаттамасына сәйкес, «Моңғол рапсодиясы» түпнұсқа атауы бар ( кейіннен «Богема рапсодиясы» болып өзгертілген) ән мәтінінің бірінші нұсқасының 15 беті 1,379 млн фунт стерлингке сатылды.
Танымал әнді 1975 жылы Queen тобының жетекшісі Фредди Меркьюри жазды. 6 минутқа жуық уақытқа созылған хит британдық рок-тобының визит картасына айналды. Ол тоғыз апта қатарынан британдық хит-парадтардың бірінші орнын алған.
Сәрсенбі күні кешке басталған аукционның алғашқы сағаттарында Somebody To Love (241 300 фунт стерлинг), Killer Queen (279 400 фунт стерлинг) және We Are the Champions (317 500 фунт стерлинг) қолжазба мәтіндері де сатылып кетті.
Аты аңызға айналған орындаушының кейбір жеке заттары да сатылып кетті. Мысалы, рок тобының соңғы ірі еуропалық турнесінде музыкант киген мантия мен тәжі 635 000 фунт стерлингке, ал жеке пианиносы 1 млн 742 миллион фунт стерлингке сатылды.
Аукционның бірінші кешінде жалпы сомасы 12,2 млн фунт стерлингке шамамен 60 лот сатылды.
Аукцион 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұрын Фредди Меркьюриге тиесілі заттарды сатуды жұлдыздың досы Мэри Остин ұсынды.