03:57, 02 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Атақты теннисші Серена Уильямс ана атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты теннисші, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямс қыз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Росбалт.

Өткен жылдың желтоқсан айында Серенаның американдық кәсіпкер Алексис Оганянмен неке қидырғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Кейін оның аяғы ауыр екендігі хабарланды.