«Atameken business channel»-дің көрермені бірден 90 млн. адамға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Atameken business channel» арнасы Ресей Федерациясына тарала бастады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бұдан бөлек, телеарнаны жақын және алыс шет елдерде көруге болады. Соның ішінде Шығыс және Орталық Еуропа - Италия, Германия, Финляндия, Түркия мен Польша, ТМД елдері - Беларусь, Қырғызстан, Армения, Әзербайжан мен Тәжікстан, сондай-ақ Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея мен Моңғолия сияқты Шығыс Азия мемлекеттері бар», - делінген ресми xабарламада.

Телеарнаның бас директоры Юлия Валиаxметованың айтуынша, арнаның эфирі бұрынғы 50/50 форматында қала береді. Себебі бұл - заң талабы. Шетелдік көрермендер үшін арнайы бағдарламалар ашылмайды.

«Ресей мен басқа да мемлекеттер қазақстандықтар көріп жүрген бағдарламаларды көре береді. Бәріміз жақсы білеміз, Қазақстанда ресейлік арналар көп. Алайда сол жақта қазақстандық арналар болған жоқ. Ресейдің заңнамасы қатаң. Сол себепті көрші елдің нарығына кіру оңай емес», - дейді Валиаxметова.

Оның айтуынша, Ресейдің медиа нарығына шыққаннан кейін Atameken business channel бірден 30 үйге қосылды. Ал бір үйде, кем дегенде, үш адам бар.

«Енді, ресейліктер Қазақстандағы бизнес жаңалықтарды тікелей эфирден біле алады. Осылайша, ақпарат алмасудың маңызы зор. Себебі Еуразиялық экономикалық одақты құрғаннан кейін бизнес саласында көптеген мәселелерді реттеу керек, заңнаманы үйлестіру керек. Қазір даулы мәселелердің бар екені де баршаға аян. Кеден кодексі бар, жүк машиналарының өтуіне, транзитке қатысты мәселелер де болды. Осының барлығын екі елдің xалқы, кәсіпкерлері білгісі келеді. Бұған дейін ақпарат тапшылығы болды. Енді, ресейлік бизнесмендер Қазақстандағы жаңалықтарды тікелей көре алады», - деп атап көрсетті арнаның басшысы.

Соңғы жаңалықтар