15:22, 01 Маусым 2015 | GMT +5
«Атамекен» мемлекеттік сатып алулар нарығын мониторингілеу және сараптама жасаудың бірыңғай операторы болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ««Атамекен» тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығын мониторингілеу және сараптама жасаудың бірыңғай операторы болмақ. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңесінің 4-ші отырысында палата басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов айтты.

«Кәсіпкерлік кодексі аясында бірқатар депутаттардың Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тауарлар, жұмыстар мен қызметтер нарығын мониторингілеу және сараптама жасаудың бірыңғай операторы мәртебесін беру туралы бастамасына қолдау білдірулеріңізді өтінеміз», - деді Р.Жүрсінов.
Оның айтуынша, бұл заңнамалық база құруға және жүйелі негізде ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
«Одан әрі біз жүйе құраушы кәсіпорындарға, табиғи монополистерге мониторинг жүргізуді жоспарлаудамыз. Бұл олардың жұмыстарының сапасын арттыруға жағдай туғызады», - деді ол.