17:36, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
«Атамекен» одағы» мемлекеттік органдардың сыни ескертулерді елеу деңгейіне қарай рейтинг жасамақ
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы мамырдың аяғында мемлекеттік органдардың сыни ескертулерді елеу деңгейіне қарай рейтинг жасауды жоспарлап отыр.

Бұл жайында бүгін Астанада кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша қоғамдық кеңестің отырысында мәлім болды.
«Айтылған сынды мемлекеттік органдар мен жергілікті атқару органдарының қабылдауы және олардың реакциялары бойынша мамырдың аяғында рейтинг жарияланады»,-деді палатаның төрағасы Абылай Мырзахметов.
Оның пайымдауынша, бұл тізімде жоғары орындарда болуға мемлекеттік органдар мүдделі.