Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Атамекен» палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Абылай Мырзахметов сот үкімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп келген болатын. Кейіннен сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі бостандықты шектеуге ауыстырылған.

Абылаю Мырзахметову
Фото: Kazinform

Бұл туралы Палводар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

- Бостандыққа шыққаннан кейін сотталушы пробация қызметінің есебіне қойылды. Ол сот шешімінен туындайтын барлық шектеулерді, міндеттер мен талаптарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуға тыйым салуды сақтауға міндетті, - деп мәлімдеді департаменттен.

Пробация қызметкерлері оған жүктелген аталған міндеттер мен шектеулердің сақталуын үздіксіз қадағалап, тұрақты тексерулер мен өзге де бақылау шараларын жүргізеді.

Еске сала кетейік, 13,9 млрд жымқырған Абылай Мырзахметов 2024 жылы 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Былтыр мамыр айында ол өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрағанын жазған едік