«Атамекен» ҰКП «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздiк тауары» конкурстарына өтінім қабылдауды бастады

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.
Конкурстарға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) қатыса алады.
Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресiмдеудiң, ұсынудың және алдын ала бағалаудың Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсырады.