«Атамекен» ҰКП кадрлық тағайындаулар орын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының басшысы Артур Котенев «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

А.Котенев «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген. Заңгер-құқықтанушы. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі. 2012 жылы Алматы қалалық мәслихатының 5 шақырылымының депутаты болған. Ал, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры міндетін атқаруға Тілеумұратов Юрий Жұмабайұлы тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Қаржы министрлігінде Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарып келген. Алматы халық шаруашылығы университетін бітірген, экономист. Әр уақытта салық органдарында қызмет еткен.

Соңғы жаңалықтар