10:16, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атбасар ауданында өткен жылы 6600 шаршы метр баспана пайдалануға берілді
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Атбасар ауданында 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 6 мың 600 шаршы метр пайдалануға берілді, бұл бұрнағы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3,3 есеге көп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аудан әкімі Руслан Әубәкіровтың мәлімдеуінше, жыл ішінде іске қосылған тұрғын үйлердің 3 мың 744 шаршы метрі мемлекеттік қаржы көздері есебінен, ал қалғандары жекелей үй салушылар күшімен шешімін тауып отырған көрінеді. Жалпы өңірде өткен жылы тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мақсатына барлық қаржы көздерінен 234 миллион теңге инвестиция тартылса, оның 100 миллион теңгесі республикалық бюджеттен, 46 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген, ал қалғандары кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен жекелей құрылыс жүргізушілер үлесіне тиесілі. Өңірде өткен жыл ішінде құрылыс жұмыстарына бір миллиард 29 миллион теңге қаржы жаратылса, оның барлығы дерлік жекеменшік инвесторлар есебінен қарастырылған.