Атбасар ауданында тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды - Ақмола облысы
Аудан əкімдігінің мəліметі бойынша, Ақан Құрманов атындағы ауылда салынған «Атбасар майы» ЖШС-нің май өндіретін зауыты ашылды. Жобаны «Атбасарская нива» серіктестігі жүзеге асырып отыр. Жобаның құны 808 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаты тәулігіне 6 тонна май өндіруге жетеді. Дайын өнім аудан аумағында жəне облыс орталығы мен Астананың сауда нүктелеріне жеткізілетін болады. Нысанның ашылуы рəсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали, аудан әкімі Аманбек Қалжанов жəне "Атбасар нива" ЖШС бас директоры Бақытжан Қожықов қатысты.
Сонымен қатар, алдыңғы жылы көктемде су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтарға жаңадан салынған 45 пәтерлік екі тұрғын үйден жаңа пәтерлердің кілттері тапсырылды.
Бұдан бөлек, Полтавка селосында күрделі жөндеуден өткізілген дәрігерлік амбулатория ашылды.