Атбасар қаласында 7 жасар бүлдіршін абайсызда атасының тапаншасынан көз жұмды

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Атбасар қаласында 7 жасар бүлдіршін абайсызда атасының тапаншасынан өз-өзіне оқ атты.

Атбасар қаласында 7 жасар бүлдіршін абайсызда атасының тапаншасынан көз жұмды

Басынан жарақаттанған бала бүгін ауруханада жансақтау бөлімінде тіл тартпастан көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Оқиға 8 ақпан күні орын алды. Бірінші сынып оқушысы жергілікті ауруханаға «бас сүйегінің оқ жарақаты» диагнозымен жансақтау бөліміне ес-түссіз жағдайында жеткізілді. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.     

Анықталғанындай, аталған жарақатты ол үйде тұрған атасының тапаншасымен абайсызда өзіне-өзі жасады. Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтағаны үшін оның 1951 жылы туған атасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.