Атбасар қаласында қарақшылықпен айналысқан күдіктілер қолға түсті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар қаласында қарақшылықпен айналысқан күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 10 тамызы күні түнгі сағат 02:30 шамасында Атбасар қаласында 1952 жылғы әйелдің пәтеріне ас бөлмедегі терезені ашып, басын тұмшалаған белгісіз біреулер баса-көктеп кірген. Сол кезде пәтер ішінде үй иесі 63 жастағы әйел мен бірге тұратын 93 жастағы әжейді тонаушылар қолындағы пышаққа ұқсас затымен қорқытып, соққыға жыққан. Артынша, 400 еуро мен 600 мың теңге ақшаны және құжаттар салынған сөмкені алып тайып тұрған. Сонымен қатар күдіктілердің Атбасар ауданының Покровка селосындағы 1936 жылғы қарияны да тонап кеткені белгілі болып отыр. «Қазіргі кезде күдіктілер 1983, 1980 және 1989 жылы туған жергілікті үш жігіт ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің үшеуі де уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстерінен ҚР ҚК 192 бабының 2 және 3 бөлімдері бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар