Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атбасардағы колледж ғимаратында өрт болды - ҚР ТЖМ

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өткен сенбі күні Ақмола облысы, Атбасар қаласының Гуманитарлық-техникалық колледж ғимараты отқа оранды.

Атбасардағы колледж ғимаратында өрт болды - ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, өрт Жеңіс көшесі, 67 мекенжайында орналасқан оқу ғимаратының шатырынан шықты. 13 сағат 40 минутта басталған тілсіз жауды ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД-ның 11 адамы мен 4 техникасы 20 минутта ауыздықтап, бір жарым сағатта толығымен жойды.

Жалынның шарпыған жалпы аумағы 20 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.