АТФ банкі басшылығында кадрлық өзгерістер болды
АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Мухаббат Сейітова «АТФ банкі» АҚ-ның директорлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Оны директорлар кеңесі 30 сәуірдегі мәжілісінде мақұлдаған.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, онда М. Сейітованың басқарма төрағасының орынбасары ретінде қаржы институтының қызметі мен дамуындағы зор еңбегі жоғары бағаланған. Мухаббат енді жаңа қызметінде корпоративтік бизнеспен пен Private Banking жұмысына жетекшілік жасамақ. Ал жаңа қызметке ауысуына байланысты оның АТФ банкінің корпоративтік бизнесті басқару қызметі енді басқарушы директор Ербол Әбдіғалиевтік міндетіне жүктеліп отыр. 28 мамырда 38 жасқа толғалы отырған Ербол Мұратұлы Әбдіғалиев 1974 жылы дүниеге келген. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік менеджмент академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Еңбек жолын «ДАБ «ABN AMRO Kazakhstan» АҚ-да бастаған ол 1998 жылы Ғаламдық транзакциялық қызмет департаментінің өнімдер жөніндегі менеджері, 2002 жылы Корпоративтік клиенттермен жұмыс департаментінің директоры, ал 2010 жылы «АТФ банкі» АҚ-ның ірі және орта корпоративтік клиенттер дивизионының директоры болды.