«Атырау» футбол клубы 4 легионермен арадағы келісімшартты тоқтатты

АТЫРАУ. KAZINFORM — «Атырау» футбол клубының басшылығы 4 ойыншымен жасалған келісімшартты бұзды. Мұнайлы өңір командасымен қош айтысқан футболшылардың бәрі де — легионер.

«Атырау» футбол клубы
Фото: fc_atyrau

Kazinform тілшісіне бұл деректі футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек растады. 

— Ресми түрде Никита Капленко, Гильермо Морайс, Матеус Барбоза және Евгений Казловпен арадағы келісімшарт тоқтатылды. Оның ішінде екеуі ең жоғары жалақы алған еді. Бұл ойыншылардың бәрі — легионер. Олар өтемақысыз келісішартты тоқтатуға келісті. Енді басқа ойыншыларға алдағы 2 ойында өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Біздің командаға серпілетін, жағдайды түзейтін кез келді. Олай болмаған жағдайда, ахуалды жақсартқысы келетіндерге орынды босатуымыз қажет, — деді Дидар Сыдықбек. 

Бас менеджердің пікірінше, алдағы уақытта футбол клубының ойыншылары құрамында тағы да өзгеріс болуы мүмкін. Команданың көрсеткішін жақсарту үшін кем дегенде жаңадан 6-7 ойыншы қажет.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында футбол клубы мен 2 ірі нысан мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар