«Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды
АТЫРАУ. KAZINFORM – «Атырау» футбол клубн мемлекет меншігіне қайтару туралы қабылданды. Бұған облыстық прокуратураның ұсынысы себеп болған.

Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, клубты басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету және тиімділігін арттыру көзделіп отыр.
«Клуб 2018 жылдың ақпан айынан бері «Атырау» кәсіби спорт клубы» қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болды. Алайда, осы жылдар ішінде клубтың қызметінде жүйелі проблемалар байқалды. Оның ішінде құрылтайшылар мен басшылықтың жиі ауысуы, тұрақты спорттық көрсеткіштердің болмауы, қаржы-шаруашылық қызметіндегі ашықтықтың жеткіліксіздігі секілді кемшілік бар. Легионерлер саны артып, бюджеттің ашықтығы мен нақты есеп берілмеді. Осындай себептерге байланысты клубты мемлекеттің басқаруына қайтару туралы шешім қабылданды. Бұл қаражаттың мақсатты жұмсауға бақылауды күшейтуге, өңірдің футбол инфрақұрылымы мен кадрлық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді, -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Жақын арада клуб қызметін жақсарту үшін стратегия әзірленеді.
«Біріншіден, ашықтыққа назар аударылады. Екіншіден, тұрақты басқаруға, үшіншіден, жастар мен балалар футболын дамытуға баса мән беріледі. Клубты кезең-кезеңімен реформалау жоспарланып отыр, -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау» футбол клубы бюджеттен бөлінген қаржыны тиімсіз жұмсағанын хабарлаған едік.