«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — «Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен босатылды.

Константин Горовенко
Фото: fc_atyrau Instagram парақшасы

«Атырау» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 48 жастағы К.Горовенко өз еркімен қызметінен кеткен.

Қазақстандық маман биылғы маусым алдында атыраулық команданың тізгінін қайта ұстаған еді.

Чемпионат аясында атыраулықтар К.Горовенконың басшылығымен алты матч және кубоктық ойын өткізіп, бір рет қана жеңіске жетті.

Команда бас бапкерінің міндетін уақытша Денис Мамонов атқарады.

«Атырау» командасы Қазақстан чемпионатында небәрі 3 ұпаймен турнир кестесінде 13-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ордабасының» біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Айта кетейік, Kazinform агенттігі жаңа «Мәлімет» жобасын іске қосты.

 

 

Соңғы жаңалықтар