Атырау МӨЗ үлесін сатуға қатысты келіссөз жүріп жатқан жоқ — Асхат Хасенов

АСТАНА. KAZINFORM — Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сату қаралып жатқан жоқ. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлім етті. 

Атырау МӨЗ үлесін сатуға қатысты келіссөз жүріп жатқан жоқ — Асхат Хасенов
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астана халықаралық форумы аясында тілшілер ҚМГ басшысынан Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін ресейлік компанияның жекешелендіруі мүмкіндігі туралы сұрады.

Өз кезегінде Асхат Хасенов қазіргі кезде Атырау МӨЗ-і ҚМГ иелігінде екенін айтты.

— Кез келген ұсыныс болса, біз оны пысықтап, қараймыз. Дәл қазір зауыт штатты режимде жұмыс істеп тұр. Ешкіммен келіссөз жүргізіп жатқан жоқпыз, — деді «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы.

Еске салсақ, биыл көктемде Энергетика министрлігі «Татнефть» мұнай компаниясы мен Атырау мұнай өңдеу зауыты өндірістік тәжірибе алмасу аясында өзара іс-қимыл жасалғанын хабарлады

Осы орайда ведомство аталған зауыттың үлесін сату қаралмағанын растады.

Айта кетейік, «ҚазМұнайГаз» 2024 жылы 8,3 трлн теңге табыс көрген.

Соңғы жаңалықтар