Атырау облысында 85 лауазымды тұлғаға 14,5 млн теңге айыппұл салынған

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жыл басынан бері аудиторлық тексерудің қорытындысымен 85 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұл көлемі 14 млн теңгеден асқан. 

айыппұл
Фото: freepik.com

Атырау облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Нұрбол Қонысовтың дерегіне қарағанда, уәкілетті органдарға шара алу үшін жолданған аудит материалдары негізінде 164 әкімшілік іс қозғалған.

«Өткен жылдың 9 айында 24 әкімшілік іс қозғалып, 19 лауазымды тұлғаға 1 млн 640 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған еді. Ал, биылғы осы кезеңде 85 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 14 млн 588 мың теңгенің әкімшілік айыппұл салынып отыр. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау немесе тиімсіз пайдалану бойынша 7 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен 2 лауазымды тұлғаға 483 мың теңгенің айыппұлы салынды. Құқық бұзушының 2-уіне ескерту берілді. Ал, 3 лауазымды тұлға қатысты іс сотта қаралып жатыр», - деп мәлім етті Нұрбол Қонысов.

Еске сала кетелік, Атырауда бюджеттің 573 млн теңгесін жымқырған бас есепші 8 жылға сотталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Атырауда бірнеше рет пара алған инспекция басшысы 7,5 жылға сотталғанын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар