Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 орын дайындалды.

қостанай
Фото: ҚР ТЖМ

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті. 

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша — Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді. 

«Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды», — деді Бисембиев.

Соңғы жаңалықтар