Атырау облысында жаз басталғалы суға батқан 9 адамның төртеуі – бала

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысында жаз маусымы басталғалы 9 адам суға батып кеткен. Оның ішінде 4 бала бар.

Павлодарда орталық жағажайда суға батып кеткен студенттің мүрдесі табылды
Фото: ТЖМ

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының басшысы Әділхан Жұмалиевтың мәліметінше, соңғы үш жылда суға батқан 43 адам қайтыс болған. Су айдындарында жантәсілім еткендердің 15-і – кәмелетке толмаған жасөспірімдер. 

«Биыл жаз мезгілі басталғалы бері облыстың су айдындарында қауіпсіздік іс-шаралары күшейтілді. Қазір өңірдегі су айдындарында «Балаларды судан қорғаңыздар» акциясы өтіп жатыр. Жергілікті құтқарушылар 8 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып қалды. Соған қарамастан биыл 9 адам, оның ішінде 4 бала суға батып, қайтыс болды», -дейді Әділхан Жұмалиев.

Оның айтуынша, оқыс оқиғаға себепкер болатын бірнеше жайт бар. Біріншіден, бұған су тұрғындардың су айдындарындағы тыйым салынған тұста суға түсуі әсер етеді. Екіншіден, ата-аналар балаларды жағалауда қараусыз қалдырады. Үшіншіден, құтқарушылардың қауіпсіздікті сақтау туралы ескертуіне елемейді. Төртіншіден, өз күшін асыра бағалау да өкінішке ұрындырады. Бесіншіден, кейбір тұрғындар жүзе алмаса да суға тұсуге әуестігін тежей алмайды.

«Рұқсат етілмеген тұста шомылудың соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмірін сақтау үшін рейдтік іс-шараларды жиі өткізеді. Атырау облысында табиғи сипатта жарияланған төтенше жағдайға байланысты суға шомылу маусымы әлі ашылған жоқ. Қазір облыс аумағында суға түсуге тыйым салынған әрі қауіпті 70 аумақ бар. Бұл аумақтарда 200-ден астам ескерту белгісі қойылған. Бірақ, тұрғындар бұлапқа бағынбай жүр. Жақында Көкарна және Бесікті елді мекенінің тұсында 4 жасөсірім суға батып, қайтыс болды. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік талаптарын сақтауды, белгіленбеген аумақта суға түспеуді ескертеміз», -деп мәлім етті Әділхан Жұмалиев. 

Қазір 80-ге жуық құтқарушы су айдындарындағы қауіпті саналатын 24 аумақта кезекшілік атқарып жүр. Құтқарушылар суға шомылу ережесін сақтамаған 30-ға жуық тұрғынды жауапкершілікке тартты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Жасөспірімнің бірінің мүрдесі екі күн екі күннен кейін судан шығарылды.

Кейін тағы екі жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

Соңғы жаңалықтар
Не удалось загрузить новости