20:36, 31 Қазан 2025 | GMT +5
                                        Атырау облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы өзіне қол жұмсады
АТЫРАУ. KAZINFORM – Құрманғазы аудандық әкімдігінің жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Қуаныш Имашев өз-өзіне қол жұмсаған.
 
                                              Қайғылы оқиға 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аңшы мылтығынан өзіне оқ атқан.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
- Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады ведомстводан.
Еске салсақ, Атырауда кәмелетке толмаған 2 жасөспірім суицид жасаған.