Атырау облысында жол апатынан 2 жүргізуші мен 2 жолаушы көз жұмды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының Құрманғазы ауданында 2 көлік соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам мерт болды.

скорая помощь
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жол-көлік оқиғасы кеше 15 шілдеде болған. 

— Күндізгі сағат 12:30 шамасында Ақтөбе-Атырау-Ресей Федерациясының шекарасы бағытындағы жолдың 814-шақырымы тұсында Toyota Ipsum және EXEED автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан оқиға орнында 4 адам қаза тапты. Оның арасында көліктің жүргізушілері бар. Ал, 2-еуі — EXEED көлігінде болған жолаушылар, — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, бұл ауданның аумағында 15 шілдеде сағат 22:15 шамасында тағы да жол-көлік оқиғасы тіркелді. Аталған бағыттағы жолдың 856-шақырымында Toyota Crown және GAV GA8 автокөліктері сиырға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеп-тексеру амалдары басталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда көлік қаққан 2 бала аурухананың жансақтау бөліміне түскенін хабарланған едік.

Соңғы жаңалықтар