Атырау облысында жүргізушінің көлігінен 56 келі бекіре тәркіленді

Атырау облысының 30 жастағы жүргізушінің көлігінен 56 келі бекіре тәркіленді. Ол бағалы балықты заңсыз сатпақ болған, деп хабарлайды Kazinform.

бекіре
Фото: Атырау облысы ПД

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күдікті Махамбет ауданында ұсталған.

«Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық шарасы кезінде Lada Kalina автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізді. Жүргізушінің көлігінен бекіре тұқымдас балықтың 15 данасы табылды. Балықтың салмағы – 56,6 келі. Бекіре тұқымдас бағалы балық тәркіленді. Жеңіл көлік жүргізушісінің бағалы балықты сатпақ болғаны анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

бекіре
Фото: Атырау облысы ПД

Қазір ұсталған жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда инспекторлардан қашқан браконьерлер 12 келі бекірені лақтырып кеткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар