Атырау облысының әкімі Махамбет ауданында тасқын қаупі жоғары елді мекендерді аралады 

АТЫРАУ. KAZINFORM – Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Талдыкөл, Сарайшық, Махамбет, Сарытоғай және Ақжайық ауылдық округтеріндегі бөгеттерді нығайту және оны күшейту жұмыстарын тексерді. 

Атырау
Фото: Видеодан алынған скрин

«Облыс әкімі нөпір суды елді мекендерден қауіпсіз өткізу туралы тапсырма берді. Осылайша республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл бағытта қатынайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолы бойымен жүреді», — делінген хабарламада.

Өңір басшысы Серік Шәпкенов жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп, қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.

Махамбет ауданында тасқынның алдын алу үшін салынған бөгеттерінің ұзындығы — 105,8 км.

Соңғы жаңалықтар