Атырау облысының тұрғыны мас күйде мотоцикл айдағаны үшін 20 тәулікке қамауға алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысының тұрғыны мотоциклді мас күйде айдаған. Сот оны 20 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарды.

мотоцикл, мопед, дорога
Фото: Александр Павский / Kazinform

Бұл әкімшілік іс Қызылқоға аудандық сотында қаралды. Мұқыр ауылында тұратын Е.-ге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен әкімшілік іс қозғалған. 

– Сот Е.-нің көлік құралын басқару құқығы болмағанын анықтады. Соған қарамастан құқық бұзушы Мұқыр ауылының көшесінде «BAIGE-200» маркалы мотоциклді алкогольдік масаң күйде айдаған. Құқық бұзушы Е. өзінің кінәсін толық мойындады. Жасаған әрекетіне өкініп, отбасындағы жалғыз асыраушы болғандықтан, өзіне жеңіл жаза тағайындауды сұрады, -деп хабарлады аудандық соттан. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Е. әкімшілік іс қозғалған бапқа сәйкес кінәлі деп танылды. Ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын аталған ауданның Сағыз ауылындағы атыстан 3 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар