Атырау облысында прокуратура мүлік салығын төмендету деректерін анықтады
АСТАНА. KAZINFORM — Прокуратура мүлік салығының салық салу базасын төмендету деректерін анықтады.
Атырау облысы прокуратурасы салық төлеушілердің мүлік салығын есептеу кезінде салық салу базасын төмендету деректерін анықтады.
Жосықсыз салық төлеушілер салық жүктемесін азайту мақсатында декларацияларда салық салу базасын анықтауға әсер ететін бұрыс (нақты емес) мәліметтерді көрсеткен, бұл салықтың толық төленбеуіне әкеп соқтырған.
Мәселен, «М» ЖШС 2025 жылы объектінің алаңын 14 700 шаршы метр деп есептеп, 9,2 млн теңге көлемінде мүлік салығын төлеген, ал «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мәліметтеріне сәйкес объектінің нақты алаңы 28 827,3 шаршы метр.
Салық салу базасын төмендету нәтижесінде салықтың жетіспейтін сомасы 8,5 млн теңгеден асты.
Осындай заң бұзушылықтар тағы 63 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша анықталып, бүгінгі таңда бюджетке 250 млн теңгеден астам қаражаттың өндірілуі қамтамасыз етілді.
Айта кетелік Прокуратура Катонқарағайдағы 27,8 млн теңге жалақы берешегін анықтаған еді.