Атырау тұрғыны үйінде фитозертхана жабдықтап, қарасора өсірген

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласы тұрғынының үйінде фитозертхана жабдықтап, қарасора өсіргені анықталды.

сора
Фото: видеодан алынған кадр

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 51 жастағы ер адам фитозертхананы үйінде жабдықтаған. 

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинология қызметі орталығының қызметкерлері үйінде қарасора өсімдігін өсірген Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Күдікке ілінген тұрғын тыйым салынған өсімдікті өсіру үшін жарық және жылу шамдарын, суару жүйесін орнатқан. Тексеру кезінде фитозертханада салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері құрамында есiрткi заттары бар, тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын синтетикалық есірткі саудалаған БҚО тұрғыны 10 жылға сотталғанын жазған едік.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткі сақтады деп айыпталған атыраулықтан тапанша мен пышақ табылды

Соңғы жаңалықтар