Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті

АТЫРАУ.KAZINFORM — Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Нұржау ауылындағы Шарон өзенінде рұқсат етілмеген жерге 2016 жылы туған бала суға түсіп, батып кетті. 

Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті
Фото: pexels

Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 25 мамыр 18:30 шамасында болған. Денесі шығарылды.

Өңірде суға шомылу маусымы ашылған жоқ.

— Осыған байланысты Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды су жағасына ересектердің қарауынсыз жібермеңіздер, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Абай облысында 12 бала жол-көлік оқиғасынан көз жұмғанын жазған едік.