Атырауда 101 жол-көлік оқиғасынан 16 жасөспірім мерт болған

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау қаласында былтыр 101 жол-көлік оқиғасынан 16 жасөспірімнің мерт болғаны анықталып отыр. Ал, 100-ден астамы түрлі дене жарақатын алған.

 Жаңа жыл мерекесінде жол апатынан 15 қазақстандық қайтыс болды
Фото: Kazinform

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауға алынған. Бұл балалардың жолдағы қауіпсіздігіне, жол-көлік оқиғасына ұшырамауына септігін тигізеді.

«Атырау қаласының аумағында жасөспірімдердің жол қиылыстарындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өту дағдыларын үйрету үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп келеді. Соған қарамастан өткен жылы 101 жол-көлік оқиғасынан 16 жасөспірім қаза тапты. Түрлі дене жарақатын 100-ден аса жасөспірім алды. Сол себептен, көлік жүргізушілеріне, ата-аналар мен жасөспірімдерге қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертеміз», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қауіпсіздік мәселесіне жасөспірімдер де алаңдаушылық білдіріп отыр. Бұл орайда Ә.Кекілбаев атындағы №41 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Шерімбет Арыстанның айтары бар.

«Жаяу жүргіншілер жолағынан өтер кезде алдымен бағдаршамның жасыл түсі жанғанына, көліктің тоқтағанына назар аудару керек. Көшеде құлаққапты пайдаланбаған жөн. Өйткені, құлаққаптың кесірінен көлігін дыбысын естілмейді. Ал, көлік жүргізушілері балаларға арналған қауіпсіздік орындығын орнатып, кішкентай балаларды соған отырғызғанын қалар едім», - дейді Шерімбет Арыстан. 

Полицейлердің айтуынша, көлік жүргізушілері жолда жүру ережесін қатаң сақтағаны жөн. Ал, ата-аналар балаларды көшеге қараусыз жібермеуге тиіс.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында Volvo-мен соқтығысқан Mitsubishi Outlander өртеніп, екі адам мерт болғанын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар