Атырауда 30 жастағы ақтөбеліктен 40 млн теңгенің синтетикалық есірткісі тәркіленді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау полицейлері Ақтөбе облысынының есірткі тарату үшін келген 30 жастағы тұрғынды ұстады. Күдіктіден 40 млн теңгенің есірткісін тәркіленді.

есірткі
Фото: Атырау облыстық Полиция департаменті

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіні мониторингілеу кезінде есірткіні таратумен айналысқан күдіктіні анықтаған. 

– Ақтөбе қаласының тұрғыны Telegram әлеуметтік желісі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу және сатып алумен айналысатын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу үшін келгені анықталды. Ол үйінде есірткі заттарын таратумен айналысқан. Тексеру кезінде күдіктіден құны 40 млн теңге болатын «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісінің 500-ден астам дозасы тәркіленді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тергеу сотының үкімімен берілген санкцияға сәйкес күдікті 2 айға қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда пәтер жалдаған ағайындылар 1 келіден астам есірткіні заңсыз сақтағанын хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар