23:53, 02 Шілде 2024 | GMT +5
Атырауда 6-қабаттан секірген ер адам оқиға орнында мерт болды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Aтырау қаласында ер адам көпқабатты үйдің 6-қабатынан секіріп кеткен.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқиға, бүгін, 2 шілдеде болаған.
«Түнгі сағат 01:00 шамасында Атырау қаласындағы „Нұрсая“ шағын ауданында ер адам тұрғын үйдің 6-қабатынан секіріп кетті. Ауыр дене жарақатын алған 29 жастағы ер адам оқиға орнында қайтыс болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Әлі 30-ға толмаған жас жігіттің суицид жасап, өмірін қиюына не себеп болғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр.