Атырауда бет-жүзін бүркемелеген 11 адам жауапқа тартылды

АТЫРАУ.KAZINFORM - Полиция қызметкерлері жыл басынан бері облыс аумағындағы қоғамдық орындарда бет-әлпетті толық жабатын, тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім-кешекке салынған тыйым бойынша 200-ден астам тұрғынға түсіндіру жұмысын жүргізген.

Паранжа
Фото: Kazinform

Биыл 2 наурызда бастап күшіне енген жаңа заңға сәйкес, мұндай киім киюге болмайды, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

- Қазіргі таңда Атырау облысында осы талапты бұзған 11 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-3 бабы бойынша жауапқа тартылды,-деді Атырау ОПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Сағатжан Мырзағалиев.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін жауапкершілік барын ескерткені жөнінде жазған едік.