Атырауда есірткі сату үшін интернет-дүкен ашқан қылмыстық топ ұсталды

АТЫРАУ. KAZINFORM — Полиция қызметкерлері Telegram әлеуметтік желісінде заңсыз есірткі интернет-дүкенін ашып, Атырау қаласы аумағында есірткіні таратумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.

Атырауда есірткі сату үшін интернет-дүкен ашқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Атырау облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірнеше азаматты ұстаған.

— Тексеру барысында 1994 жылы туған күдікті интернет-дүкенді басқарып, өзінен басқа заңсыз қызметке 5 адамды тартқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Осыған дейін есірткі тарату және контрабандамен айналысқан қарағандылықтың 15 жылға сотталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар