Атырауда қамауда отырған ер адам өзіне қол салып, көз жұмды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қалалық полиция басқармасының арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауда отырған ер адам өлі күйінде табылды.

педофил
Фото: freepik

Алдын ала мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 29 наурызда арнайы қабылдау орнында 1974 жылы туған азаматтың денесі анықталған. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73 бабы 2 бөлігі (отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік жазасын өтеп жатқан.

Марқұм 25 наурыз күні 2003 жылы туған ұлының арызы негізінде 10 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.

- Өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүлдесіне сәйкес жариялауға жатпайды,-деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында жанжал барысында оқ атылғаны жөнінде жазған едік.