Атырауда көктайғаққа байланысты қозғалыс қиындап, оқушылар қашықтан оқитын болды

АТЫРАУ.KAZINFORM - Бүгін Атырау қаласында жаңбыр жауып, кешкілік ауа температурасының төмендеуіне байланысты көктайғақ болып жатыр. Көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы қиындады.

Атырауда көктайғаққа байланысты қозғалыс қиындап, оқушылар қашықтан оқитын болды
Фото: Нұрбибі Теміртасова

Қазіргі уақытта қалаға қарасты ауылдық округтерге қатынайтын жолдарға арнайы реагент себу жұмысы жүріп жатыр. Бұған дейін бұл жұмыс қала ішінде жасалған. Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жұмысқа 10 техника жұмылдырылған.

Атырауда көктайғаққа байланысты қозғалыс қиындап, оқушылар қашықтан оқитын болды
Фото: Атырау қаласының әкімдігі

Қазгидрометтің ақпаратына сүйенсек, 15 қаңтар түні сынып бағанасы -6 градусқа дейін салқындап, тұман түсуі ықтимал. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ертең күндіз де осындай күн райы сақталуы ықтимал.

Атырау облысы әкімдігі 15 қаңтарда қаладағы 71 мектеп қашықтан оқу форматына көшірелетіндігін мәлімдеді.

Бүгін сағат 20:30-да күн райының бұзылуына байланысты Ақтөбе – Атырау – РФ шек» автожолының 621-841 шақырымы (Атырау қаласынан Құрманғазы ауылына дейін) аралығы жабылды.

Осыған дейін 15 қаңтарда астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшетінін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар