Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысының Құрманғазы ауданында көктемгі тасқын су қайтқаннан кейін оқшауланып қалған көлшіктер мен сайлардан 12 миллион 237 мың шабақ құтқарылды. Балық қорын сақтауға бағытталған жұмысқа 80-нен аса адам мен 20-дан аса техника жұмылдырылды.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданының әкімдігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, шабақтарды құтқару жұмыстары 15 маусымда басталған.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданы әкімдігі

Науқанға Құрманғазы балық инспекциясының мамандары, аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, «Жастар ресурстық орталығы» мен «Жасыл ел» бағдарламасының қатысушылары жұмылдырылған.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданы әкімдігі

Сонымен қатар аудандағы балық шаруашылығы субъектілері арнайы құтқару бригадаларын құрып, шабақтарды құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.

— Жауапты мамандар Сафон, Бірлік, Нұржау, Бөкейхан, Кудряшов, Шортанбай, Орлы, Еңбекші, Теңіз және Дыңғызыл ауылдық округтеріндегі 51 учаске мен жалпы аумағы 3412 гектарды құрайтын су айдындарын бақылауға алған. Онда күн сайын балықтың тұншығу қаупі қадағаланып, жаппай қырылудың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданы әкімдігі

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, 15 маусым мен 7 шілде аралығында 6453 текше метр сай қазылып, 11 мың 146 шаршы метр аумақ шөптен тазартылды. Жұмысқа 81 адам, 21 техника және 183 құрал-жабдық тартылған.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданы әкімдігі

Құтқарылған шабақтардың басым бөлігін қызылқанат, көксерке, мөңке, сазан, шортан, қаракөз, табан және жайын құрайды. Бір шабақтың орташа салмағы 1,6 грамм.

Атырауда көлшіктерде құтқарылған шабақ саны 12 миллионнан асты
Фото: Құрманғазы ауданы әкімдігі

Биыл Құрманғазы ауданындағы өзендерге су мол келіп, аудан аумағындағы барлық 123 су айдынына жетті. Соның нәтижесінде бұрын су баспаған жерлерде қосымша 22 көлшік пайда болған.