Атырауда қонақүйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Атырауда қонақүйден өрт шығып, 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ТЖМ

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау қаласының өрт сөндіру қызметіне Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар төрт қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді.

- Өрттің себебі анықталуда, -делінген хабарламада.

Осыған дейін Қарағандыда өртенген үйден 33 адам эвакуацияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар